қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.03.2024

 

Құрметті әріптестер мен білім алушылар!

 

Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Алғыс айту күні - ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің, киелі қазақ жеріне деген ризашылықтың, өзара құрмет, сенім, мейірімділік пен ізгіліктің белгісі. Бұл мерекеде ұлтымыздың салт-дәстүрінен берік қалыптасқан достық, қайырымдылық пен ынтымақ сынды мызғымас құндылықтар кеңінен дәріптелетін айтулы күн.

 

Қазіргі таңда елімізді өркендету жолында қоғамның әр саласында ауқымды жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылып, халықтың әл-ауқатын арттыру, білім және ғылым саласын дамыту, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, саналы ұрпақ қалыптастыруда кешенді шаралар қолға алынуда. Осы міндеттерді жүзеге асыруда ынтымақтастық пен өзара көмек сияқты берік құндылықтар біріктіруші күшке айналып, еліміздің болашағына деген нық сенім мен жауапкершілік сезімін қалыптастырады.

 

Барша әріптестеріме, болашақ ұстаздарымызға білім саласындағы қажырлы еңбектері және өскелең ұрпақтың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестері үшін шын жүректен алғыс айтамын.

 

Әрқайсымыздың жүрегімізде ортақ жетістігімізге - өркендеп келе жатқан Тәуелсіз мемлекетіміз Қазақстанға деген мақтаныш пен ризашылық сезімі ұялай берсін!

 

Әр отбасыға бақ-береке, зор денсаулық, елімізге татулық пен тыныштық, толағай табыс тілеймін!

 

 

Құрметпен, ректор Болат Тілеп