қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.03.2024

«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы Оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңейтілген мәжілісі


2024 жылдың 29 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ-да ҚР ҒЖБМ, педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орындарының, білім басқармаларының өкілдері және стейкхолдерлердің қатысуымен «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы Оқу-әдістемелік бірлестігінің «Болашақтағы педагогикалық білім: модель, құндылықтар, серіктестік» тақырыбындағы кеңейтілген мәжілісі өтті.

 

Педагогика және психология институты ПОҚ-ның ғылыми жобаларының нәтижелері бойынша презентациялық дискурстар және шығармашылық алаңдар аясында «Арнайы педагогика» кадрлар даярлау бағыты бойынша «Кадрлар даярлаудағы тұлғаға бағытталған технологиялар» тақырыбындағы жоба командасының жетекшісі А.Н.Аутаева іс-шараға қатысушыларды жоба бойынша атқарылған жұмыстар мазмұнымен таныстырды.

 

  alt=  

 

  alt=