қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.03.2024

Ғылыми жобалардың практикалық нәтижелері ұсынылды

 

2024 жылдың 29 ақпанында Абай университетінде өткен «Болашақтағы педагогикалық білім: модель, құндылықтар, серіктестік» тақырыбында «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы оқу-әдістемелік бірлестіктің кеңейтілген мәжілісінде университеттің білім беру бағдарламасына енгізілген гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың ғылыми жобаларының практикалық нәтижелері талқыланды.

Пленарлық отырысқа дейін тарихи білімді оқытудың жаңа әдістері бойынша гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландырылатын ғылыми жобаларының нәтижелері ұсынылды. Мәселен, AP08857194 «Виртуалды антропология және XIX-XXI ғғ. басындағы қазақ мәдениеті бейнелерінің тарихы: эволюция және субъективтілікті табу» жобасы бойынша Визуалды антропологияның виртуалды зертханасы көрсетілді (ғылыми жетекші - т.ғ.к., доцент Далаева Т.Т.), АР09259432 «Алаш ісі 1920-1930 жж. ОГПУ жүргізілген жасанды тергеу ісінің құжаттары мен материалдары» (ғылыми жетекші - ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Койгелдиев М.К.), BR18574180 «ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Алаш зияткерлік элитасының тарихы мен шығармашылық мұрасы» жобасы аясында ашылған «DHLab: Цифрлық тарих және білім беру лабораториясы» (ғылыми жетекші - т.ғ.д., доцент Жангуттин Б.О.) ұсынылды.

 

Пленарлық отырыста Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-зерттеушісі Берікханова А.Е. АР14872311 «Action Research ретінде зерттеудің бейресми нысандарын практикаға интеграциялау негізінде ЖОО оқытушыларының зерттеу белсенділігін дамытудың теориясы мен технологиясы» жобасының нәтижелері бойынша сөз сөйледі. Жоба аясында білім беру бағдарламасы, біліктілікті арттыру курсы дайындалып, зертхана ашылды.

 

Сондай-ақ, гранттық қаржыландырудың ғылыми жобаларының презентациялық дискурстары болды, мәселен, AP14871883 «Hyflex технологиясы арқылы болашақ педагогтердің кәсіби жетістігін қамтамасыз ету» бойынша «Hyflex» зертханасы ашылды (ғылыми жетекші - п.ғ.д., профессор Амирова А.С.), АР05130498 «Қазақстан Республикасының көптілді орта жағдайында болашақ бастауыш білім беру педагогын кәсіби даярлауды жаңғырту» жобасы аясында білім беру бағдарламасы даярланды (ғылыми жетекші - п.ғ.д., профессор Жумабаева А.Е.), АР19680029 «Халықаралық SAKERS шкаласы негізінде мектептегі білім беру ортасының даму әлеуетін кешенді психологиялық-педагогикалық бағалаудың теориясы мен технологиясы (жаңартылған нұсқасы)» аясында ашылған «Педагогикалық өлшемдер» зертханасы таныстырылды. Сонымен қатар бағдарламалық-нысаналы қаржыландырылатын BR21882318 «Жоғары оқу орнының «online community» кеңістігінде оқытушылар мен студенттердің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетін қалыптастыру жүйесін кастомизациалау» ғылыми жобасы аясында ашылып, жұмыс жасап жатқан «DIGITAL PROJEKTOR» зертханасы көрсетілді (ғылыми жетекші - п.ғ.д., профессор Абдигапбарова У.М.).

Сонымен қатар, «Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу зертханасы мен STEM парк жұмысы және зоология курсы бойынша электронды оқулық таныстырылды.

 

ЖОО-ның білім беру бағдарламаларына енгізілген және осындай ынтамен және кәсібилікпен ұсынылған ғылыми жобалардың практикалық нәтижелері Абай университетінің педагогикалық білім берудегі инновациялар саласында алдыңғы қатарда екендігінің айқын дәлелі болып табылады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=