қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.03.2024

Абай университетінің студенті дзюдодан Қазақстан чемпионатында 2 орын алды


2024 жылдың 2-5 наурыз аралығында Қарағанды ​​қаласында өткен дзюдодан Қазақстан чемпионатында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Өнер, мәдениет және спорт институтының 1 курс студенті Кеңесқан Ернар 73 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды. Ернар ұлттық құрама қатарына кіріп, Азия чемпионатына жолдама алды.

Бұл жоғары жетістік жас балуанға спорттық мансабының жаңа кезеңін бастап, халықаралық аренада қайталанбас шеберлігін көрсетуге мүмкіндік береді.

Абай университеті студенттерінің жетістігін мақтан тұтады және оларға спорт саласында қолдау көрсетеді. Ернарды осы тамаша жетістігімен құттықтап, спортта жаңа жеңістер мен оқуда табыс тілейміз.

 

 

Қоғаммен байланыс департаменті