қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.03.2024

«Аяла» эко-клубы «Volunteers4Climate» ЮНИСЕФ бағдарламасында

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Аяла» эко-клубының белсендісі, Жаратылыстану және география институтының «Экология» мамандығында оқитын 4 курс студенті Жұмағали Назерке, Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) әлеуметтік-экологиялық қормен серіктестікте ұйымдастырылған «Volunteers4Climate» бағдарламасына қатысып, үш жүзден астам үміткердің ішінен іріктеліп, UNICEF еріктісі атанды.

 

«Volunteers4Climate» бағдарламасы Қазақстанның әлеуметтік-экологиялық қорымен және ЮНИСЕФ-пен бірлесіп Алматы, Қарағанды және Теміртау қалаларының арнайы іріктелген мектептеріндегі 6-10 сынып оқушыларына тұрақты даму мен климаттың өзгеруінің маңызды проблемаларын қызықты экологиялық сабақтармен түсіндіруге көмектеседі. Бұл жасыл болашақты құруға көмектесетін білім мен дағдылармен бөлісудің тамаша мүмкіндігі. Бағдарлама 2024 жылдың мамырына дейін жалғасады.

 

Қазіргі таңда студентіміз Жұмағали Назерке «Volunteers4climate» еріктілерінің біліктілік кезеңін сәтті аяқтап, өз білімімен Алматы қаласындағы 208 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушыларымен бөлісуде.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=