қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.03.2024

Сочидегі Халықаралық жастар фестиваліне қатысу

 

2024 жылдың 28 ақпаны мен 8 наурызы аралығынде Абай атындағы ҚазҰПУ «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушысы Ақмарал Омарова қазақстандық делегация құрамында Сочи қаласының (РФ) «Сириус» федералдық аумағында өткен Дүниежүзілік жастар фестиваліне қатысты. Қатысу үшін үміткерлерге эссе және сұхбат түрінде конкурстық іріктеуден өтіп, оның қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Бұл іс-шара бизнес, медиа, халықаралық ынтымақтастық, мәдениет, ғылым, білім беру, волонтерлік және қайырымдылық, спорт, қоғамдық өмірдің түрлі салаларындағы 20 мыңнан астам жас мамандарды, сондай-ақ әртүрлі балалар ұйымдары мен бірлестіктерінің өкілдері болып табылатын жасөспірімдерді біріктірді.

 

Фестивальдің мақсаты әртүрлі халықтардың мәдениеттері мен дәстүрлерін өзара байыту болғандықтан, күн сайын көптеген алаңдарда түрлі мәдени, білім беру, спорттық, ойын-сауық іс-шаралары өтті. Қатысушылар бірегей табиғатпен, ең бай классикалық әдебиетпен, дәстүрлі мерекелермен, Ресей халықтарының музыкасы және фольклорымен танысты. Ашық алаңдарда жас спортшылар мен көрнекті өнер қайраткерлері, түрлі елдердің ғалымдары мен оқытушылары өнер көрсетті. Осы ірі халықаралық іс-шараға қатысқан әрбір қатысушы халықтар достығы, өзара түсіністік және мәдениеттерді құрметтеу сезімін сақтап қалды.

 

  alt=  

 

  alt=