қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.03.2024

Абай университетінің магистранттары Ыстамбұл  университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология институты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының 1 курс магистранттары (Қараджанова Н., Курманчакова А., Нысанғали А., Серикова Л., Юсупова Д., Оңғар А.) 2024 жылдың 28 ақпаны мен 10 наурызы аралығында Ыстамбұл университетінде (Түркия) ғылыми тағылымдамадан өтті.

 

Ғылыми тағылымдаманың мақсаты - зерттелетін саладағы алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені меңгеру, заманауи ғылыми зерттеу әдістерін қолданудың практикалық дағдыларын меңгеру және бекіту, сондай-ақ оқу бағдарламасы бойынша кәсіби біліктілікті арттыру.

 

Шетелдік тағылымдамадан өту міндетіне шетелдік профессорлармен кеңесу, Ыстамбұл  университетінің жетекші оқытушыларының лекцияларына қатысу да кірді.

 

  alt=  

  alt=