қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.03.2024

Белгілі шығыстанушы ғалыммен кездесу

 

2024 жылдың 13 наурызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институтының ұйымдастыруымен Еуразияның тарихи географиясын сызуға атсалысып жүрген, профессор, PhD, шығыстанушы Нұрлан Кенжеахметтің жобалық зерттеулерімен тәжірибе алмасу мақсатында «Еуразияның тарихи географиясы» тақырыбында ғылыми кездесу өтті.

 

Кездесуде ғалым Нұрлан Кенжеахмет Қазақстанның тарихи географиялық картасына бұрын қазақ халқына қатысы болған барлық тайпа және ұлт территориялары туралы және әр кезеңдердегі АҚШ, Германия, Жапония, Қытай Түркия елдерінен табылған карталар бойынша ортағасырлардағы Қазақ Ордасының орналасуы мен аталу тарихы туралы ой-пікірімен бөлісті.

 

Сонымен қатар, АҚШ, Германия елдеріндегі Қазақстан тарихына қатысты айналысқан зерттеулері аясында «XVII-XIX ғасырлардағы Қазақ хандығының географиялық жер атаулар» тақырыбында пікір-талас алаңы құрылып, қатысушылар ғалымның тәжірибесімен, зерттеулерімен тереңірек танысуға мүмкіндік алды.

 

Кездесуге Тарих және құқық инстиуттының ғалымдары мен жас ізденушілері, білім алушылары қатысты. Жиын соңында қатысушы ғалымдар мен білім алушылардың сауалдарына жауап берілді.

 

Бұл кездесу қазақ мемлекетілік тарихында айшықты орын алатын Қазақстанның тарихи-географиясы бойынша құнды дерек беретін талқылау болды.

 

  alt=