қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.03.2024

Абай университеті мен Қазақстан студенттерінің Альянсы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2024 жылдың 14 наурызында Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен Абай атындағы ҚазҰПУ және «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттер қозғалысы» Қоғамдық бірлестігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

 

Білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында бірлескен іс-шараларды өткізу және жан-жақты ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында әріптестік пен өзара ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға Абай университетінің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақауов мен «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттер қозғалысы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ұлан Наукенов қол қойды.

 

Аталған шараға Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Пірәлі Райымбек пен «Алматы студенттер Альянсы» КҚ жобалар менеджері Жақсыбай Жұлдыз қатысты.

 

Екі бірлестік арасындағы әріптестіктің негізгі мақсаты - әріптестік қатынастарды орнату, өзара тиімді шарттарда тараптар арасында ұзақ мерзімді және тиімді ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ білім саласын жетілдіру үшін жағдай жасау, студенттерге сапалы, заманауи білім беру мақсатында ақпараттық технология салалардан жетекші мамандарды тарту, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда озық бағыттар мен жаңа тәсілдерді қолдану. Сонымен қатар, өзара барлық аспектілер бойынша белгіленген құзырет шеңберінде ақпарат алмасуды жүзеге асыруды көздейді.

 

Меморандум аясында студенттер үшін пайдалы көптеген өзара ұйымдастырылған іс-шаралар мен жобалар жүзеге асатын болады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты департаменті