қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.03.2024

Түрік ғалымымен кездесу

 

2024 жылдың 15 наурызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институтында Түркиялық танымал ғалым Анкара университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Абдуллах Гюндогды студенттер мен оқытушыларға «Жошы ұлысы тарихы: Алтын Орда кезеңі» тақырыбында дәріс оқыды.

 

Профессор Абдуллах Гюндогды Қазақстанның тарихы мен мәдениеті, археологиясы бойынша көптеген ғылыми жұмыстардың авторы. Оның ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңызды бағыты ортағасырлардағы Қазақстан тарихы, түркі-моңғол ұлыстарының тарихы. Шетелдік ғалымның осы кездесуде негізгі дәріс тақырыбы Жошы ұлысының (Алтын Орданың) тарихы болды. Ғалым дәрісінде Жошы ұлысына қатысты негізгі ортағасырлық дереккөздерге, оларды зерттелу тарихына тоқталды. «Джам-и таварих», «Тарих-и Джанхангушай», «Чингиз-наме», «Шайбани-наме» тәрізді жазба ескерткіштердің мәліметтері туралы айтып берді. Басты назар "даланың ауызша тарихнамасы" деп аталған деректерге аударылды. Сонымен қатар, профессор Абдуллах Гюндогды Шағатай хандығы, Ирандағы Ильхандар мен Қытайдағы Юань мемлекеттерінің Жошы ұлысымен байланыстары туралы қызықты мәліметтер айтты.

 

Кездесуге Тарих және құқық институттының оқытушылары, ғалымдары мен жас ізденушілер, тарих-қоғамтану, тарих-дінтану және география мамандығының студенттері қатысты. Олар өздерін қызықтырған сауалдарына үлкен ғалымның кәсіби жауаптарын алып, дәрістен жақсы әсер алды. Биыл елімізде ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың бастамасымен Жошы ұлысының 800 жылдығы аталып жатқанын ескерсек, бұл дәріс студенттердің естерінде қалатын маңызды іс-шара болды.

 

  alt=