қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.03.2024

Республикалық «Мәшһур-Жүсіп оқулары» конкурсының қалалық кезеңі


2024 жылдың 15 наурызында Алматы қаласы Білім басқармасы «Алматы дарыны» орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласы №200 мектеп-гимназиясында Республикалық «Мәшһур-Жүсіп оқулары» конкурсының қалалық кезеңі өтті.

 

«Мәшһур-Жусіп оқулары» конкурсының мақсаты - Жалпы орта білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушыларының арасынан жас дарындарды анықтау.

 

Конкурстың міндеттері: қазақтың ұлы тұлғаларының шығармаларымен таныстыру, насихаттау, алған білімдерін практикалық қолдану мүмкіндіктерін іздеуге бағыттау.

 

Конкурсқа қатысқан оқушылар Мәшһур-Жүсіп шығармаларымен танысу, жинақтап талдау, эссе жазу, өлең шығару, кейіпкерлер галереясын топтап, түсіндіру және деректерді жүйелеу, мәліметтерді жеткізе алу, тарихи-әдеби, рухани мәнін ашудағы шығармашылық дағдылары жағынан бағаланды.

Жеңімпаз оқушылар I,II,III дипломдарымен марапатталды.

 

Республикалық «Мәшһур-Жүсіп оқулары» конкурсының қалалық кезеңінің «Мәшһур-Жүсіп шығармалары және Ұлы даланың ұлы есімдері» VI - бағыты бойынша қазылар алқасы ретінде Абай университетінің Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасына қарасты «Балаларды ерте дамыту және әлеуметтік қолдау» орталығының жетекшісі философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор А.А. Алимбекова қатысты.

 

Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы жанынан ашылған «Балаларды ерте дамыту және әлеуметтік қолдау» орталығының профессор - оқытушылар құрамы Алматы қаласы және Республика бойынша білім беру ұйымдарымен тығыз кәсіби байланыс орнатуда жүйелі жұмыстар атқаруда.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=