қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.03.2024

Абай университетінің оқытушысы Грузияда баяндама жасады

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ЮНЕСКО-ның педагогика және мұғалімдерді даярлау кафедрасының меңгерушісі доцент Ж.Т. Тілекова 2024 жылдың 14-15 наурызында өткен «Тұрақты өмір салты бойынша дөңгелек үстел: жақсы және жеңіл өмір сүруді үйрену» вебинарына қатысты. Бұл іс-шараны Грузияның Тбилиси қаласындағы «Бизнес және технологиялар университетінде» Қазақ-Неміс университеті ұйымдастырды. Кафедра меңгерушісі Ж. Т. Тілекова «Абай атындағы ҚазҰПУ білім беру процесінде орнықты даму мақсаттарын іске асыру» тақырыпта баяндама жасады.

 

Вебинарға Армения, Әзірбайжан, Грузия, Орталық Азия университеттерінің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары мен PhD докторанттары және тұрақты даму, экологиялық зерттеулер және білім беру саласындағы сарапшылар, ҮЕҰ және халықаралық ұйымдар өкілдері қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=