қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.03.2024

Тұрақты даму форумы-2024

 

2024 жылдың 15-17 наурыз күндері Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының Ташкент қаласындағы филиалында «Сапалы білім» ІХ Халықаралық жастар форумы өтті. Жастар форумына Жаратылыстану және география институтының «Химия» мамандығының 1 курс докторанттары Зухра Мұхамбетәлиева, Құттықыз Есімханова қатысты.


Форум тұрақты дамудың төртінші мақсаты негізінде өтті. Форум барысында сапалы білім беру мақсаты бойынша берілген кейстер өз шешімін тапты. Жастар форумында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь елдерінен келген делегаттар бас қосты. Бірінші күні делегаттар берілген кейс бойынша тезистерін таныстырып, командаға бірікті. Екінші күні құрылған командалар білім сапасын көтеруге арналған шешімдерін жинақтап, үшінші күні кейс бойынша резолюциямен бөлісіп, жеңімпаздар анықталды. Форум соңында барлық делегаттар арнайы сертификаттармен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=