қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.03.2024

Абай университетінде «Өнердің «қуатты» күші - мәңгілік құндылықтар» ғылыми пікірталас өткізілді

 

2024 жылдың 16 наурызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде онлайн форматта «Өнердің «қуатты» күші - мәңгілік құндылықтар» ғылыми пікірталас өтті.

 

Ғылыми іс-шара «Bilim zhane Bolashak» халықаралық ғылыми - білім беру жобасы аясында ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар - Педагогика және психология институтының педагогика және психология кафедрасы (Сауле Исалиева), Өнер, мәдениет және спорт институтының музыкалық білім беру және хореография кафедрасы (Әлия Момбек) және Eurasian Scientific and Methodological Journal "East-West" for master and doctoral students.

 

Ғылыми пікірталас педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Момбек Әлия Әнуарбекқызының 70-жылдық мерейтойына орай өткізіліп, заманауи білім берудің өзекті мәселелері, өнер мен мәңгілік құндылықтардың эмоционалдық интеллекттің қалыптасуына әсері, шығармашылық қабілеттерін және сыни ойлауын дамыту мәселелеріне арналды.

 

Ғылыми пікірталасқа Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, «Тұран-Астана» университеті, Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, «Ақбөбек» Республикалық Орталығы (Ақтөбе қ.), Алматы қ., Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстары мектептерінің және т.б. өкілдері қатысты.

 

Ғылыми талқылаудың сарапшысы Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы «Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру» бөлімінің меңгерушісі Роза Акмагамбетова болды.

 

Бірінші бөлімде спикерлер баяндамалар жасады, содан кейін интерактивті сессияда қатысушылар командарларға бөлініп, қатысушылар физика және поэзия, комикстердегі супер қаһарманның құндылықтары мен қажеттіліктері (Карен Хорни теориясы контекстінде), өнердің жасөспірімдер мен жастарға әсері, дамудың кешігуі бар балалармен жұмыс жасаудағы музыкалық терапия, махаббат пен мейрімділік мәңгілік құндылықтар ретінде сияқты мәселелері талқылады. Талқылау нәтижесінде топ мүшелері бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдарға ие болды.

 

Тыңдаушылар ғылыми пікірталас тақырыбында қызығушылық танытты, қатысушылар әртүрлі жұмыстарды мысалға ала отырып, шешімдерін ұсынып, өз пікірлерімен бөлісті. Талқылау нәтижелерін қорытындылай келе, одан әрі зерделеу мен талқылаудың негізгі бағыттары қалыптастырылды.

 

  alt=  

 

  alt=