қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.03.2024

Еуразиялық білім беру көрмесі

 

2024 жылғы 9-15 наурыз аралығында Абай университетінің өкілдері Ош, Қызыл - Кия, Өзген, Жалал-Абад қалаларындағы Еуразиялық білім беру VII-ші халықаралық көрмесіне қатысты. Көрмеге Ресей, Қазақстан және Қырғызстанның 25-тен астам жетекші жоғары оқу орындары қатысты.

 

Көрмені Қырғыз Республикасының Білім министрлігінің қолдауымен «Еуразиялық ынтымақтастық ұйымы» АҚ ұйымдастырды.

 

Бұл көрмеге Оңтүстік Қырғызстанның 6000-нан астам талапкерлері келіп, Абай университетінің білім беру бағдарламалары, оқуға түсу шарттары және студенттік өмірі туралы толық ақпарат алды.

 

Осы деңгейдегі халықаралық іс-шараларға қатысу университет имиджін ілгерілетуге және елдер арасындағы интеграциялық процестерді дамытуға ықпал етеді.

 

  alt=  

 

  alt=