қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.03.2024

Ашық есік күні

 

2024 жылдың 13 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бас оқу ғимаратында «Талапкер-2024» іс-шарасы аясында Алматы қаласы мен Алматы облысы мектептерінің түлектері үшін Ашық есік күні өтті. Болашақ талапкерлермен кездесуге Кәсіби бағдар беру орталығының жетекшісі Нұрмахан Әуесбекұлының жеткешілігімен Филология институты қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушылары Молдасанов Е., Қасен Е., Жүнісова М., Алибаева М., Нұрғали С.  және «Шаңырақ» студенттік деканат мүшелері, директордың тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары Абдықалықов Арман белсенді қатысты. Олар еліміздің жетекші педагогикалық жоғары оқу орны туралы айтып, Филология институтының білім беру бағдарламаларын, әлеуметтік жеңілдіктерді, халықаралық байланыстар туралы ақпарат берді. Іс-шара барысында 200-ден астам түлек студенттік өмір, институт қызметі және оның барлық бөлімшелері туралы толық ақпарат алды. 

 

  alt=  

 

  alt=