қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.03.2024

Әлемдік рейтингі QS-47 MSU-да Абай университеті профессорының шеберлік сыныбы өтті

 

2024 жылдың 21 наурызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Абсатова Марфуга М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде "Білім берудегі цифрлық ресурстар: іске асыру тәжірибесі" тақырыбындағы шеберлік сыныбын өткізді.

 

Кездесу аясында келесідей цифрлық білім беру ресурстарының дидактикалық әлеуеті ашылды: Padlet, Miro, jamboard онлайн тақталары; білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға және диагностикалық әдістемелерді жүргізуге арналған ресурстар: Quline test Pad, Quizizz, Google.Формалар, Mentimeter.com, Simpoll; интерактивті тапсырмалар мен жаттығуларды әзірлеуге арналған ресурстар: mindmeister.com, learning apps, coreapp.ai: презентация жасауға арналған онлайн платформалар: Canva, Prezi, banse.

 

Шеберлік сыныбына офлайн және онлайн режимінде Қоқан мемлекеттік педагогикалық университеті (Өзбекстан),  Абай атындағы ҚазҰПУ (Қазақстан), сондай-ақ М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінен әріптестер, студенттер, аспиранттар, магистранттар мен докторанттар  қосылды.

 

Педагогикалық білім беру факультетінің деканы м.а. Татьяна Тореева кездесу барысында профессор М.Абсатованың осы факультеттің тағылымдама түлегі (2022ж.) болып табылатынын және аталған семинар Қазақстан мен Ресей ЖОО-ның үздік тәжірибелерінің іргелі, берік, уақтылы және тиімді ынтымақтастығын көрсететіндігімен ерекше құнды екенін айтып, университет атынан алғыс білдірді.

 

Кездесу сұрақ-жауаптарға толы және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты жетілдіру мен достық қарым-қатынасты дамытудың жолдарын талқылаумен аяқталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=