қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.03.2024

ЖОО-Мектеп коллаборациясы: инновация, технология және әдістеме

 

Абай университетінің оқытушылары Шу қаласындағы мектептердің бірінде баяндама оқыды. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ұйымдастыруымен Шу қаласындағы Төле би атындағы орта мектебінде «ЖОО-Мектеп коллаборациясы: инновация, технология және әдістеме» атты халықаралық форум өтті.

 

Форумда Абай атындағы ҚазҰПУ Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының PhD, аға оқытушысы Алтынай Жакупова «Тұрақты даму концепциясына бағытталған экоқұзырет» тақырыбында, 3 курс докторанты Айжан Ауезова «Цифрлық технологияға негізделген Таным және Pobo DIY әдістемесі» тақырыбында баяндама оқыды.

 

  alt=  

 

  alt=