қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.03.2024

«Талапкер-2024»: ашық есік күні өтті


2024 жылдың 26 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бас оқу ғимаратында «Талапкер-2024» іс-шарасы аясында Алматы қаласы мен Алматы облысы мектептерінің түлектері үшін ашық есік күні өтті. Болашақ талапкерлермен кездесуге Тарих және Құқық институты Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Нұрлан Орынбеков және Тимур Даулбаев қатысып, Абай университетінің білім беру үдерісімен, әл-ауқатымен таныстырды. Іс-шара барысында Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушылары мектеп түлектеріне кафедра мамандықтары жайлы айтып, жоғары оқу орнына түсудің ережелеріне тоқталды. Өз кезегінде талапкерлер мамандыққа қатысты көкейіндегі сұрақтарын қойып, толық ақпарат алды.

 

  alt=  

 

  alt=