қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.03.2024

Алтай университетінің профессорымен кездесу өтті

 

2024 жылдың 28 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Тарих және құқық институтының ұжымы "Үлкен Алтай" ғылыми-білім беру орталығының директоры, Алтай мемлекеттік университетінің (РФ) профессоры Ю.А.Лысенкомен кездесті. Кездесу барысында екі ұйымның ғылыми және білім беру салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Профессор Ю.А.Лысенко "Үлкен Алтай" ҰБО қызметі, іске асырылып жатқан ғылыми және білім беру жобалары, орталық қызметкерлерінің жаңа жарияланымдары туралы айтты.

 

Өз кезегінде Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Тарих және құқық Институтының директоры, ҚР ҰҒА, корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., Г.К.Кенжебаев қонақты институттың білім беру қызметімен және ғылыми-зерттеу жобаларымен таныстырды.

 

Тарихшылардың кездесуі іскерлік және достық атмосферада өтті. Нәтижесінде ұйымдар арасында ынтымақтастық туралы айтылып, екі жақты келісімшарт жасалатын болды.

 

  alt=