қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.04.2024

«Мобилографтар» байқауының жеңімпаздары анықталды

 

2024 жылдың 4 сәуірінде Абай университетінде «Абай Әлемі» көктемгі мерекелік кезеңдері аясында Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен, университет жастары арасында медиа сауаттылық пен түсірілім дағдыларын жетілдіру, камерамен жұмыс істеуді үйрету және жеке брендті дамыту мақсатында «Мобилографтар» байқауы өтті.

 

Байқауға қатысушылар «Мамандығым - мақтанышым» профориентациялық бағыттағы ролик түсірді. Бұл университеттің сапалы контингент жинақтауына ықпал етті.

 

Байқау нәтижесінде:
I орын - Дәурен Жандарбаев, Математика, физика және информатика институтының студенті;
ІІ орын - Гүлжауһар Данай, Филология институтының студенті;
ІІІ орын - Думан Қабидоллаұлы, Жаратылыстану және география институтының студенті иеленді.

 

Ал Жаратылыстану және география институтының студенті Ақбота Әлімбай белсенділігімен ерекшеленсе, Тарих және құқық институтының студенті Нұрбол Мұқанбетжанов «Үздік бейнеролик» номинациясымен, Педагогика және психология институтының студенті Аружан Құдайбергенова «Үздік түсірілім» номинациясымен, Өнер, мәдениет және спорт институтының студенті Айсана Алижанқызы «Үздік сапа» номинациясымен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=  


Жастар ісі жөніндегі комитет