қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.04.2024

«Мектепте және ЖОО-да орыс тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері» Республикалық семинары

 

2024 жылдың 3 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы ғылым онкүндігі аясында «Мектеп пен ЖОО-да орыс тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері» атты Халықаралық қатысумен Республикалық семинар өткізді. Семинарға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 220-дан астам  орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері мен әдіскерлері қатысты.


Семинарда орыс тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи әдістемесі мәселелері көтерілген  жеті баяндама жасалды.


Абай атындағы ҚазҰПУ «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессоры Гүлмира Қажығалиеваның «Адамгершілік принципі және заманауи лингвометодика» баяндамасы тыңдаушылардың шынайы қызығушылығын тудырды.


Санкт-Петербург АППО филологиялық білім беру кафедрасының доценті Сергей Федоровтың (К. Д. Ушинский атындағы Санкт-Петербург постдипломды педагогикалық білім беру академиясы) «Ұмытылған ескі сияқты жаңа немесе әдебиетті оқыту әдістемесіне не қажет?» атты баяндамасында аналитикалық және шығармашылық әдістерді қалай ыңғайластырып біріктіруге болады және басқа да көптеген мәселелер туралы айтылды.


Пенза мемлекеттік университетінің ғалымдары: «Әдебиет және әдебиетті оқыту әдістемесі» кафедрасының профессоры Галина Пранцова және  «Әдебиет және әдебиетті оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі  Анна Тимакова «Жоба және зерттеу: ұқсастықтар мен айырмашылықтар» тақырыбында баяндама жасады.
М.Е.Евсевьев атындағы Мордовия мемлекеттік университетінің профессоры Елена Жиндеева оқушылардың әдеби құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді әдісі ретінде оқуды қалай басқаруға болатындығы туралы бөлісті.


А. Байтұрсынов атындағы  Тіл білімі институты «Психолингвистика» секциясының жетекшісі Мадина Абаеваның баяндамасында  билингв  балалардың сөйлеуін дамытуға қатысты теориялық мәселелер кеңінен қозғалды. №12 гимназияның орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Айжан Нүсіпбекова  және №165 мамандандырылған лицейдің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Марина Асылбекованың баяндамаларында жаңартылған білім беру мазмұнындағы қазіргі оқулықтардың ерекшеліктері туралы айтылды.


Абай атындағы  ҚазҰПУ «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. Дина Сабирова  тыңдаушыларға  Қазақстанның интернет-әдебиеті туралы айтып берді.


Семинар соңында Абай атындағы  ҚазҰПУ «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева семинарды ұйымдастырушыларға  жоғары деңгейде өткен іс-шара  үшін алғысын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=