қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
08.04.2024

Ғылым онкүндігі-2024: «Қызықты физикалық эксперимент» байқауы

 

2024 жылдың 4 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым онкүндігінің іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес Математика, физика және информатика институтының физика кафедрасы «6в05302-Физика» және «6в01506-Физика-информатика» мамандықтарының 1 курс студенттері арасында «Қызықты физикалық эксперимент» байқауын өткізді.

 

Студенттер әртүрлі тапсырмалар бойынша бақ сынасты: сәлемдесу, фотоколлаж, викториналық сұрақтар, физикалық эксперментті түсіндіру, қызықты физикалық эксперименттер жүргізу.

 

Іс-шараның мақсаты - студенттерге белгілі бір бағытта және физика саласында кәсіби дамуға көмектесу, сондай-ақ студенттердің танымын кеңейтумен қатар болашақ физикті дұрыс тәрбиелеуге бағыт-бағдар беру. 

Сайыс қызықты да тартысты өтті, қазылар алқасының сұрақтарына студенттер жауап берді. Бұл болашақта олардың физикаға деген қызығушылығын арттырары сөзсіз. 

 

Әділ-қазылар алқасы: Институт деканының ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Нурмухаммедова Жанара, Бисембаев Куатбай, Тезекеев Серик, Ақжолова Әлия, Насирова Диана, Кемелжанова Сандуғаш, Алиева Мөлдір, Султанова Кұндыз болды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Байқау қорытындысы бойынша І орынды ФЕК 231 тобының студенті Айтжанова Жанбота; ІІ орынды ФИК 232 тобының студенті Налхан Ақниет; ФЕК 231 тобының студенті Аубакир Назерке: ІІІ орынды ФЕК 234 тобының студенті, Жүсіпбек Дәуір, ФЕК 232 тобының студенттері Бекмаханбет Данагуль, Бахтиярқызы Жайна иеленді.

 

Алғыс хатпен ФЕК 234 тобының студенті Зарлыков Шахмардан марапатталды.

 

Іс-шараны ұйымдастырушылар байқауға қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтап, оқуда табыс пен жаңа жетістіктер тіледі. 

 

  alt=  

 

  alt=