қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
08.04.2024

Ғылым декадасы - 2024:

«Gylym zhane Bolashak» интерактивті ғылыми баттл

 

2024 жылдың 6 сәуірінде Ғылым онкүндігі аясында «Gylym zhane Bilim» ғылыми интерактивті баттл өтті. Ғылыми іс-шараның модераторлары - Сауле Исалиева (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), Людмила Гитихмаева (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті), Ақжан Барманашева (Алматы қ. № 18 гимназия).

 

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің командалары «Визиттік карта» байқауында өздерін таныстырып, сұрақтар мен жауаптардағы «Ғажайып ғылым» викторинасына қатысты және «Білім саласындағы заманауи ғылыми жетістіктер» шағын жобасын ұсынды.

 

Сарапшылар - Әлия Момбек, Гүлназ Канафина (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), Сауле Бегалиева (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Гүлнар Юнусова (А.Байтурсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті).

 

Интерактивті формат, тапсырмаларды орындауда қолданылатын цифрлық құралдар және қатысушылардың зерттеу дағдылары студенттердің ғылымға қызығушылығын, университеттер мен оқыту бағыттары арасындағы өзара ынтымақтастықты көрсетті.

 

Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша Абай Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің командасы бірінші, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті екінші және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті үшінші орынды иеленді.

 

  alt=  

 

  alt=