қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.11.2017

 

«Ана тілім - азығым, адастырмас - қазығым» атты дөңгелек үстел

 

2017 жылдың 23 қарашада Шетел азаматтарына арналған және ЖОО-на дейінгі дайындық факультетінің студенттері мен тыңдаушылары арасында «Ана тілім - азығым, адастырмас - қазығым» атты дөңгелек үстел өтті.

 

Мақсаты: ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру- болашаққа бағдар» атты бағдарламасында көрсетілгендей, жастардың сана-сезімі мен дүниетанымына рухани жағынан жаңарту, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, тілді оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру. Дөңгелек үстелде ҚР-ң «Мемлекеттік тіл туралы» Заңының талаптарын сақтау және орындау міндеттілігі кеңінен талқыланып, қонақтар, оқытушылар мен тыңдаушылар өз пікірлерін ортаға салды.

 

Дөңгелек үстелге «Zaman-Қазақстан» газетінің халықаралық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі Ертай Айғалиұлы, «Zaman-Қазақстан» газетінің халықаралық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторының бірінші орынбасары,  Жазушылар одағының мүшесі, ақын  Жанбақыт Борантаев,  «Мөлдір бұлақ» балалар журналының бас редакторының орынбасары, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, ақын  Саят Қамшыгер, факультет деканы п.ғ.к., доцент Галия Таубаева, кафедра меңгерушісі филология ғылымдарының докторы, профессор Сауле Бегалиева, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен тыңдаушылар  қатысты.

 

  

 

  

 

Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation)