қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.04.2024

Абай университеті мен колледждер тәжірибе алмасты

 

2024 жылдың 10 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-ға тәжірибе алмасу мақсатында №1 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің директоры Мағышат Мендғазиева және №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің директоры Бибі Дуанабаева келді. Іс-шара модераторы - Академиялық қызмет жөніндегі проректор Бану Нарбекова қонақтарды таныстырып, университетке келудегі мақсаттарымен бөлісті.

 

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрула Жанбеков колледждегі әріптестермен университеттің оқу үдерісіне қатысты жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, қонақтарға университет білім алушыларының педагогикалық тәжірибеден өту жұмысы таныстырылды.

 

Абай университеті мен колледждер арасындағы ынтымақтастық кеңейіп келе жатқаны қуантады. Бұл іс-шара серіктестікті нығайтатынына сенімдіміз.

 

  alt=  

 

  alt=