қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.04.2024

Ғылым декадасы - 2024: «Шәкәрім Құдайбердіұлының педагогикалық ойлары» атты ғылыми-танымдық іс-шара

 

2024 жылдың 9 сәуірінде «Ғылым декадасы - 2024» аясында   университетіміздің ғылыми кітапханасында «Шәкәрім Құдайбердіұлының педагогикалық ойлары» тақырыбындағы ғылыми-танымдық іс-шара өтті.

 

«Шәкәрім Құдайбердіұлының  педагогикалық ойлары»  ғылыми-танымдық іс-шара бағдарламасының авторы: философия докторы (PhD), қауым, профессор А.А. Алимбекова. Ұйымдастырушылар: Абай атындағы ҚазҰПУ ғылыми кітапханасы, «Лидер» клубы, «Балаларды ерте дамыту және әлеуметтік қолдау» орталығы. Шараның мақсаты: Шәкәрім Құдайбердіұлының педагогика ғылымының дамуына ықпал еткен еңбектерін оқу арқылы болашақ педагогтердің білімдерін кеңейту, құнды идеяларына контент және салыстырмалы талдау, мәнерлеп оқу, ой қорту, тұжырым жасау біліктерін, адами құндылықтарын және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.

 

Іс-шара барысында студенттер Шәкәрім Құдайбердіұлының  өлеңін оқып, еңбектерін ғылыми талдап, презентация көрсетіп, пікір алмасу және диалог оқудағы ерекше дайындықтарын көрсетті. Танымдық шараға мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұ.Қ.Қыяқбаева, профессор - оқытушылар құрамынан А.Е.Манкеш, Ғ.З.Таубаева және «Лидер» клубының жетекшісі А.А.Алимбекова, ғылыми кітапхана директоры Н.Ж.Имансыдыкова және  кітапхана ұжымы мен  кітапханаға келуші студенттер қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=