қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.04.2024

 

 

 

Қымбатты әріптестер, ғалымдар мен оқытушылар! Құрметті магистранттар және докторанттар!

 

Баршаңызды кәсіби мереке - Ғылым қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Отандық ғылым қарқынды дамып келеді. Оқу ордамыз еліміздегі жетекші педагогикалық университет ретінде заманауи тенденцияларға жауап беретін және жаңа формациядағы педагог кадрларын даярлайтын педагогикалық зерттеу университеті болуға ұмтылады. Бұл маңызды бағыттағы қызметіміз отандық ғылымның дамуына сүбелі үлес қосып жүрген оқытушыларымыздың, ғалымдарымыз бен жас зерттеушілеріміздің арқасында айтарлықтай нақты нәтижелер беруде.

 

Біз оқу орнымыздың ғылыми инфрақұрылымын дамытуға, зертханаларды озық жабдықтармен жабдықтауға және заманауи ғылыми ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге ерекше назар аударамыз. Қазіргі уақытта университетте жоғары сапалы ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін 24 ғылыми зертхана, орталық және STEM-парк белсенді жұмыс істейді.

 

Ғалымдарымыз ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру ғылыми жобалары конкурстарына белсенді қатысып, жобаларды табысты іске асыруда. Өткен жылы 61 жоба сәтті жүзеге асырылды, оның ішінде төрт жоба бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру болды. Бұл ғалымдарымызды қолдауға, ғылымды дамытуға жасалған маңызды қадам.

 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Отандық ғылымды дамытуға және университетіміздің ғылыми әлеуетін нығайтуға үлес қосып жүрген қажырлы еңбектеріңіз, тың бастамаларыңыз бен жобаларыңыз, батыл идеяларыңыз бен бірегей зерттеулеріңіз үшін әрқайсыңызға алғысымды білдіремін.

 

Сіздерге зор денсаулық, іргелі зерттеулер және толағай табыстар тілеймін!

 


Құрметпен, Болат Тілеп