қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.04.2024

Профессор Қайрат Бейшенұлы Тілебаевтың 60 жылдығына арналған

«Физикалық процестер және компьютерлік модельдеу» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы


2024 жылдың 10-11 сәуір аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-да  «Физикалық процестер және компьютерлік модельдеу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция  жұмысы теориялық және эксперименттік физика, материалтану және компьютерлік модельдеу атты үш өзекті бағытты қамтыды. Ғылыми баяндамалар қатты денелер мен газдарда болатын физикалық процестерді теориялық және эксперименттік зерттеуге, жаңа композициялық материалдарды алу кезіндегі физикалық процестердің әсерін зерттеуге және физикалық процестерді компьютерлік модельдеуге, АТ-ны оқытуға арналды. Конференция жұмысына Абай атындағы ҚазҰПУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Х.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, І.Жансүгірова атындағы Жетісу университеті және Чехия, Франция, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген шетелдік ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттер, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері қатысты.


Конференция барысында профессор К.Б.Тілебаевтың ағылшын тіліндегі физика оқулықтарының тұсаукесері өтті, олар Абай Атындағы ҚазҰПУ математика, физика және информатика институтының кітапхана қорына берілді. 


Конференцияны университет басшылығы, математика, физика және информатика институты, физика кафедрасы ұйымдастырды. 


Конференция материалдары электронды және қағаз түрінде жарияланды. Жинақтың электронды нұсқасы сайтта орналастырылған www.kaznpu.kz

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=