қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Ділдәбек Дидарбек Жұмағалиұлы

Ділдәбек Дидарбек Жұмағалиұлы

 

Ділдәбек Дидарбек Жұмағалиұлы 1997 жылы 31 маусымда Жамбыл обылысы, Жуалы аудындағы Т. Дүйсебайұлы ауылында дүниеге келген.

2004 жылы , Жуалы аудындағы Т. Дүйсебайұлы ауылындағы Орта мектепте білім алып, 2015 жылы аяқтаған.

2015 жылы Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне Жаратылыстану және география институтына, Эколог мамандығына оқуға түсіп, 2019 жылы аяқтады..

2020 жылы Қайнар академиясында Тарих және құқық институтына, Құқықтанушы мамандығына оқуға түсіп, 2022 жылы аяқтады.

- 2016-2017 ж. - Абай атындағы ҚазҰПУ Жастар ісі комитетінің нұсқаушысы болып қызмет атқарды.

- 2016-2017 ж. - Абай атындағы ҚазҰПУ-дағы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы қызметін атқарды.

- 2018 ж. - Абай атындағы ҚазҰПУ-дағы Жастар ісі комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

- 2020 ж. Абай атындағы ҚазҰПУ бөлім басшысы қызметін атқарды.

- 2020 ж. 10 желтоқсан - 2021 ж. 10 қаңтар Медеу ауданының Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлаудағы үйлестірушісі болып қызметін атқарды.

- 2021 ж. Медеу ауданының Жастар ресурстық орталығының директоры қызметін атқарды.

- 2021 ж. Медеу ауданы бойынша халық санағындағы уәкіл 2021 ж.

- 2021 ж. Абай атындағы ҚазҰПУ-дағы тәрбие, әлеуметтік және жастар саясаты департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

- 2022 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-дағы тәрбие, әлеуметтік және жастар саясаты департаментінің директоры қызметінде және «Атамекен» демалыс орталығының басшысы қызметін атқаруда.

Қазір Алматы қаласы, Алатау ауданы, Зерделі шағын ауданында тұрып жатыр. Қазақ, орыс тілдерін жетік меңгерген.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың атынан, ҚР Президент Қ.Қ.Тоқаевтың атынан, Алматы қаласының әкімі Б.Байбектің атынан, Тұңғыш Президент кітапханасының директоры М.Қасымбековтың атынан, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Е.Қошановтың атынан Алғыс хат алған.

«Super Smart Student-2018» республикалық зияткерлік байқауында 1 орын, 2019 жылғы «ҚЖК үздік төрағасы» республикалық байқауында 1 орын, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне - 90 жыл» медалімен марапатталды, және де 2020-2021 жж. Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауда үздік үйлестіруші 1 орын иеленіп, «Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне - 95 жыл» медалімен марапатталған.

 

 

 


← Кері оралу