қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.04.2024

«Өмір сүр, Жер!» танымдық-экологиялық сағат


«Дүниежүзілік Жер» күні қарсаңында 2024 жылдың 20 сәуірінде «Мейірім» еріктілер клубының экологиялық бағыты бойынша қауымдастырылған профессор Ширинбаева Гулбахираның жетекшілігімен Облыстық өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында ерікті-студенттер Қыякбай Уміт, Әмзеева Әселхан, Хамзаева Аружан, Қожабаева Нұршат, Айтибек Нұрай «Өмір сүр, Жер!» тақырыбында танымдық-экологиялық сағат өткізді.

 

Біздің Жер ғаламшарымыздағы барлық тіршілік үшін ізгілікті қатынасты тәрбиелеу мақсатында еріктілер дыбыстық терапияның көмегі арқылы балалармен табиғат туралы экологиялық әңгіме жүргізді. Пайдаланылған табиғат дыбыстары: құстардың әні, желдің, жаңбырдың, теңіздің, сарқыраманың шуы балаларға бізді қоршап тұрған қазіргі ерекше табиғат әлемін тануға және сүюге мүмкіндік берді.

 

Ойын алаңы орталығындағы экологиялық сағаттың практикалық бөлігінде еріктілер балалармен бірге гүл отырғызды, оларды қалай суару және күту керектігі туралы айтты, адамның күнделікті өмірінде қандай рөл атқаратынын түсіндірді.

Еріктілердің танымдық-экологиялық әңгімелерінен балалар барлық тіршілік иелері үшін қоршаған ортаның рөлі, Жер ғаламшарындағы экология мәселелері туралы білді.

 

«Өмір сүр, Жер!» көрсетілімінен кейін балалар жерді неге көгілдір ғаламшар деп атайтынын, сондай-ақ жерге адамдардан келетін қауіптің төніп тұрғаны туралы және оны қалай қорғауға болатыны туралы білді.

 

  alt=  

  alt=  

 

«Мейірім» еріктілер клубы