қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.04.2024

«Қазақ күресі» Алматы дивизионы

 

2024 жылдың 19-20 сәуірінде Алматы қаласы «Қазақ күресі» дивизионында Абай атындағы ҚазҰПУ командасы 1-ші орынды иеленді. Командалық жекелей сында 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен, қабырға-қабырға жарысында 2-ші орынға ие болып, Астана қаласында өтетін Студенттік спорт лигасының республикалық финалдық кезеңіне жолдама алды.

 

Жарыс нәтижесінде салмақ дәрежелері бойынша: 60 кг. - 1 орынды Валихан Нұрбақыт; 66 кг. - 1 орынды Ескендір Жандос; 74 кг. - 1 орынды Еркінұлы Жігер; 82  кг. - 1 орынды Пірмағанбет Рамазан; + 90 кг. - Исақұл Дарын; 55 кг. - 2 орынды Құрман Диляра; + 75 кг. - 3 орынды Жақсылық Айнұр иеленді.


Жаттықтырушы - Сайдақов Еркін.

 

  alt=