қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.04.2024

Қытай классикалық поэзия кеші Абай университетінде


«Жылына бір рет келетін - 20 сәуір, қытай тілі күні әлемдегі ең көне ұлттық поэтикалық дәстүрлердің бірі - Қытай поэзиясына қосылуға мүмкіндік береді», - деп өз сөзін бастады Абай атындағы ҚазҰПУ стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры А.Т.Искакова биылғы қытай поэзиясы мерекесінде.


ҚХР-ның Алматыдағы Бас консулдығымен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шараға 200-ден астам адам, оның ішінде ЖОО-нан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Каспий қоғамдық университеті, Тұран университеті және т.б. университеттердің қытай тілі оқытушылары, сондай-ақ, Халықаралық қазақ-қытай колледжі мен шет тілдер колледжінің өкілдері, Tamos Education оқушылары қатысты.


Іс-шара аясында Алматыдағы ҚХР Бас консулдығы қытай тілі мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін ЖОО мен колледж оқытушыларын марапаттау рәсімін өткізді.


Кешке қатысушылар мен қонақтар қытайлық классикалық ақындар Ту Фу, Ли По, Су Дунпчо, Чан Шань және басқалардың өлеңдерін тыңдады, сонымен қатар би мен өлеңдердің үйлесімділігін, поэзиямен біртұтас байланысты сезінді.


Іс-шара студенттер мен жалпы халықтар арасындағы достықты нығайтуға арналды. Қатысушылар студенттердің рухани дамуы үшін дәл осындай поэзия мен шығармашылық кештерін жүйелі түрде өткізіп тұруды ұсынды.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=