қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.04.2024

«Экоқауіпсіздік: жануарлар әлемі сіздің қолыңызда» тақырыбында қалалық баспасөз-конференциясы өтті


2024 жылдың 23 сәуірінде Алматы хайуанаттар бағында «Экоқауіпсіздік: жануарлар әлемі сіздің қолыңызда» тақырыбында қалалық баспасөз-конференциясы өтті. Зоология институты және жануарлар генофонды қызметкерлері - институт директорының орынбасары М.А.Чирикова мен орнитология зертханасының ғылыми қызметкері С.Х.Зарипова  ақпараттық-дайджест түрінде баяндама жасады. Іс-шара барысында жануарларды көрсететін  көрме, викторина өткізіліп, хайуанаттар бағына экскурсия ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар - А.Р.Рахимова бастаған Алматы хайуанаттар бағының қызметкерлері мен Жаратылыстану және география институты «Биология» кафедрасының оқытушылары К.И.Батырова, Н.А.Бекенова, Ш.С.Шыныбекова болды.

 

  alt=