қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.05.2024

«Эстетикалық тәрбие – білім берудегі заманауи бағдары» конференциясы


2024 жылдың 19-20 мамыры аралығында №175 «Жаңа ғасыр» гимназиясында «Эстетикалық тәрбие-білім берудегі заманауи үрдістер» атты халықаралық ғылыми - практикалық конференция өтті. Іс-шараны Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика және музыкалық білім беру және хореография кафедраларының, ҚазҰҚПУ музыка кафедрасы профессорлық-оқытушылық құрамымен тығыз ынтымақтастық орната отырып, Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялар мен инновациялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Пленарлық отырысқа білім басқармасының жаңа технологиялар орталығының әдіскері Светлана Шапкина, профессор Гүлмира Саудабаева, Алматы қаласы бойынша музыка мұғалімдері қауымдастығының президенті Жеңіскүл Маханбетова, «Өрлеу» АҚ өкілі Фатима Нарсеитова, №121 гимназияның музыка мұғалімі Ардақ Әбілдаева және Қырғызстаннан келген қонақ Азизбек Батыров қатысты.

 

Іс-шара барысында концерттік бағдарлама көрсетіліп, онда №175 «Жаңа ғасыр» гимназиясының қатысушылары дәстүрлі концерттік нөмірлерімен (жетекшісі Гүлзаман Әмірова), сондай-ақ, музыка мұғалімдерінен құралған топтар: Қазақ халық музыкалық аспаптар оркестрі (жетекшісі Сәмен Ізекенов) және Алматы қалалық хоры (жетекшісі Қарлығаш Төлегенова) қатысып, өз нөмірлерін ұсынды.

 

Конференция бағдарламасы 4 секциядан тұрды. «Технология өркениет жағдайында эстетикалық тәрбиенің трансформациялары» 1-секциясының модераторы №63 мектептің музыка пәнінің мұғалімі Лейла Рыспаева болды. «Мектеп оқушыларына көркемдік-эстетикалық тәрбие беру мазмұның базалық пәндермен интеграциялау» 2-секцияны модераторы ҚазҰПУ профессор м.а. Лаура Какимова жүргізді. «Сынып жетекшінің оқушыларға кәсіби-бағыт-бағдар берудегі маңызды қадам» атты үшінші секцияны ҚазҰҚПУ доценті Сандугаш Сансызбаева атқарды. Ал, 4-ші секцияны «Жаһандану дәуірінде білім берудегі креативті менеджменттің перспективалары» ҚазҰҚПУ аға оқытушысы Рысжан Рыспековаға тапсырылды.

 

Конференцияны ұйымдастырушылар мен оған қатысушылардың жемісті жұмысы мен қажырлы еңбегінің нәтижесі конференция материалдарының жарияланымы болды. Салтанатты шарада секциялар басталмас бұрын қызыл лентаны салтанатты түрде қию рәсімі өтті.


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың музыкалық білім беру кафедрасының өкілі Лаура Какимова барлық конференцияға қатысушыларды құттықтап, Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер факультеті атынан алғыс хаттар тапсырды. Ол, музыка пәні мұғалімдерінің бастамасымен халықаралық деңгейдегі конференция өтіп жатқанын айтып, ұйымдастырушылардың еңбегін атып өтті.


Конференция соңында мектептегі білім берудің оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша және ЖОО мен мектеп арасындағы ғылыми-әдістемелік жоспарда одан әрі ынтымақтастық орнату туралы ұсыныстар мен тілектер айтылды, қатысушылардың барлығына сертификаттар мен конференция материалдарының жинағы берілді.

 

  alt=  

  alt=