қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
23.05.2024

              Жошы ұлысының тарихы, мұрасы мен тағылымы: Алматыда ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

 

                

 

Алматыда «Жошы ұлысы: тарихы, мұрасы мен тағылымы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен халықаралық жиын ұлыстың 800 жылдығына арналған. Оның аясында отандық профессорлармен қатар, Түркия, Канада, Жапония сынды 5 елден келген ғалымдар бас қосты. Қатысушылар тарихқа қатысты соңғы зерттеулерін ортаға салып, ғылыми мәселелерді талқылады.

 

- Кеңес Одағында бұл тақырып көп зерттелмеген. Бірақ тәуелсіздіктен кейін Қазақстанда, Татарстанда, XX ғасырдан бастап Турцияда Жошы ұлысын тарихшылар айта бастады, - деді Анкара университетінің профессоры Абдулах Гюндоғду (Түркия).


- Алтын орданың қазіргі ғылыми ошағы Татарстан деп аталады. 1960 жылы татар ғалымдары біздің мамандарға қызыға қараған. Басты міндет - Алтын орданың тарихын зерттейтін мамандарды даярлау, - деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжанов.

 

23.05.2024

Ақпарат көзі: almaty.tv