қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.05.2024

Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандары - ел есінде


2024 жылдың 21 мамырында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Хәкім Абай атындағы ұлттық тәрбие орталығының ұйымдастыруымен Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандары - ел есінде» тақырыбында кездесу өтті.


Тағылымға толы шара университеттің бас ғимаратында Алматы мұражайы және ҚР Президентінің архивінің қуғын сүргінге ұшыраған қазақтың қаймақтары туралы көрмесімен басталды.


Іс-шараның барысында сөз алған университеттің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақауов мен Ардагерлер ұйымының төрағасы Берікжан Әлмұхаметов құрбандарды ұмытпау, ұлықтау бәріміздің азаматтық міндетіміз екенін тілге тиек етті.


Аталған шарада Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі Болат Қабдөшев «Қазақстанның әділет халық комиссарлары: қызметі, тағдыры. 1920-1938жж» тақырыбында баяндама жасады.


ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерделеу орталығының басшысы Гүлшат Нұрымбетова «Саяси қуғын-сүргін мәселесін зерттеудің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында өзекті мәселелерге тоқталып өтті.


Шараны түйіндеген саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарының ұрпағы Болатбек Нұрбатыров қуғын сүргін құрығына ілінген әкесінің тағдыры туралы сөз өрбітті.


Кешке қатысқан Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты оқушылары Алаш алыптарының әндерін айтып, күй, тартып, өлең оқыды.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=