қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.12.2017

 

Құрметті әріптестер, докторанттар, магистранттар мен студенттер!

 

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Тәуелсіздік -тәуекел еткен халқымыздың тағдырына бұйырған бақ, басты игілігі, баға жетпес құндылығы.

 

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың көрегенді басшылығымен мемлекетімізде кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылып, жаңа даму дәуірі айқындалды.

 

Біз өтпелі кезеңнің қиындықтары мен сынақтарын еңсеріп, үшінші жаңғыруға қадам бастық. Тәуелсіз Қазақстан бүгінде еңсесі биік, тұғыры берік, бірегейлік пен бірлікті паш ететін дербес мемлекетке айналды.

 

Айтулы мереке қарсаңында баршаңыздың қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар, жанұяларыңызға құт-береке, бейбіт өмір, дендеріңізге саулық тілеймін!

 

Ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің Тәуелсіздігі баянды болғай!

 

Құрметпен, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры,
профессор Такир Балықбаев