қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.10.2013

2013 жылдың 17-22 қазан аралығында Қытай Халық Республикасы, Ханьшань педагогикалық университетінің құрылғанына 110 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған шараға Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің бірінші проректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор М.Е.Ермағанбетов бастаған делегация құрамында өнер, мәдениет және спорт институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.А.Әлмұхамбетов, «Академиялық сурет және АПОӘ» кафедрасының доценті Е.Асембай Ханьшан педагогикалық университетінде болып қайтты.

         Ханьшань педагогикалық университеті мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті арасында он бір жылдық ынтымақтастық байланыстары 2002 жылдан бастау алды. Өнер, мәдениет және спорт институтының Көркем-сурет мамандығы бойынша оқытушылар кәсіби мамандығын жетілдіру мақсатында Ханьшань университетінде, ал Ханьшань педагогикалық университетінен оқытушылар құрамы бізде дәріс оқып, мамандықтары бойынша шебер-кластар өткізіп, біліктіліктерін жетілдіруде. Екі университет бір-бірімен студенттерімен және магистранттарымен білім алмасуда. Екі ел, екі университет арасында білім берудің жаңа инновациялық оқыту жүйесі даму үстінде. Аталған екі оқу орындарында достық және әріптестік қарым-қатынастар мен тығыз байланыс өз жемісін беруде.

         Осы мақсатта Ханьшань университетіне келген Жапон, Корея және Тайланд делегацияларымен кездесу болды, болашақ білім кеңістігінде өзара байланысты дамыту мақсатында келісім-шарт жобасы талқыланды.