қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.12.2017

 

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің Абай атындағы ҚазҰПУ-дың білім беру бағдарламаларын халықаралық мамандандырылған аккредиттеу туралы шешімі

 

2017 жылдың 30 қараша күні өткен Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) аккредиттеу кеңесінің отырысында Университеттің 10 білім беру бағдарламалары халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өткені туралы шешім қабылданды.


2020 жылдың 29 қарашасына дейін 5В010400 - «Бастапқы әскери дайындық»; 5В010800 және 6М010800 - «Дене шынықтыру және спорт»; 5В011500 және 6М011500 - «Құқық және экономика негіздері» білім беру бағдарламалары аккредиттеуден өтті.

 

2022 жылдың 29 қарашасына дейін 5В010600 - «Музыкалық білім»; 5В010700 және 6М010700 - «Бейнелеу өнері және сызу»; 5В012000 және 6М012000 - «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламалары аккредиттеуден өтті.