қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.11.2013

 

2013 жылдың қазанның 25-жұлдызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Математика, Физика және Информатика институтының ұйымдастыруымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 85 жылдық мерей тойына арналған «Білім беру мен ғылымдағы математикалық моделдеу мен ақпараттық технологиялар» атты VI Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Конференцияға Ресейден: Москва мемлекеттік педагогикалық университетінің профессорлары: п.ғ.д., «Білім беруді ақпараттандыру» кафедрасының меңгерушісі  В.В. Гриншкун, п.ғ.д., профессор В.С. Корнилов;  В.М.Шукшин атындағы Алтай мемлекеттік Білім Академиясынан Е.В.Дудышева, Қазан мемлекеттік университетінен Л.Л.Салехова; Қырғызстан Республикасынан: Ж.Баласағын атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінен профессорлар: Э.Мамбетакунов, Д.Бабаев, У.Мамбетакунов; Ош мемлекеттік университетінен:  ф.-м.ғ.д., профессор А.Сатыбаев, Саппарова Г.Б. , Жапония мемлекетінен Хоккайдо университетінің атақты профессоры, ғылым докторы Киоши Като және Қазақстан Республикасынан ғылыми педагогикалық қауымдастық өкілдері мен ғалым педагогтар қатысып, математикалық моделдеудің өзекті мәселелерін қарастырып, ақпараттық технологиялар мен информатика, физика және математика пәндерін оқыту проблемалары талқыланды. Конференция барысында 5 секцияда 90-ға жуық баяндамалар тыңдалды. Қазақстан Республикасынан: А.Е.Абылқасымова, М.А.Бектемесов, А.С.Бердышев, Алдашев С.А., С.Т.Мухамбетжанов, А.Нұрлыбаев, М.Құлбек, Сыдықов Б.Д., Халықова Г.З., Киселева Е.А., Жәмішев Е., Мамырбаев Ө., Мәрлен және т.б. зерттеуші,  ұстаз ғалымдар өз ойларын ортаға салды. Конфереция Ресей Білім академиясының академигі, п.ғ.д., профессор А.Е.Абылқасымованың жетекшілігімен өткізілген қазіргі білім беруді жетілдіру, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарын талдауға арналған дөңгелек үстел жиынымен қорытындыланды. Конференция соңында үздік деп танылған жұмыстар дипломдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар, үздік деп танылған студенттердің ғылыми жетекшілері Асқарова М.А., Шалбаев Е.Б.  «үздік жетекші» атты дипломдармен марапатталды