қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.01.2018

Талдықорған қаласындағы «Кәсіби бағдар» форумы

 

2018 жылдың 19 ақпанында Талдықорған қаласында «Современное образование» қоғамдық қорының қолдауымен 10-11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағыттағы форум өтті. Формуның өткізілу мақсаты бір алаңда Алматы қаласының барлық ЖОО өкілдерін жинап, 10-11 сынып оқушыларына және олардың ата-аналарына мамандықтар мен оқуға түсу шарттары туралы ақпарат беру. Форумда жоғары оқу орындарындағы: педагогикалық, экономикалық, гуманитарлық және техникалық білім беру бағыттары туралы ақпараттар берілді.

 

Кәсіби негіздегі форум екі кезеңнен тұрды:
Бірінші кезеңде оқу орындарының көрмесі ұйымдастырылды. Көрме жұмысында оқу орындарының өкілдері 1-2 сағат көлемінде мектеп оқушылары мен ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, ақпараттық материал таратты.


Екінші кезеңде мәжіліс залында жоғары сынып оқушыларына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, оқушылардың және ата-аналардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Форум барысында оқушылар арасында қосымша сауалнама жүргізіліп, кәсіби бағдар сарапшыларына таратылады. Соның негізінде оқушылар арасындағы кәсіби бағдар жұмыстары жүйеленіп отыратын болады.
Форум жұмысына Абай атындағы ҚазҰПУ-дың кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының өкілдері қатысып, талапкерлер мен ата-аналарға университетіміздің мамандықтары мен ұсынылатын жеңілдіктері туралы ақпараттармен бөлісіп, барлық сұрақтарына жауап берді.

 

  

 

  

 

Кәсіби бағдар беру және

білім алушыларды қабылдау орталығы