Негізгі бет
Жаңалықтар
10.01.2025 «Кедергілерден жетістікке дейін» қиындықтарды жеңуге арналған психологиялық тренинг 2025 жылдың 10 қаңтарында Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен «Кедергілерден жетістікке дейін» атты қиындықтарды жеңуге арналған психологиялық тренинг өтті.
Психологиялық тренингтің мақсаты - қатысушыларға өмірдегі қиындықтарды жеңуге көмектесетін дағдыларды дамыту, топтық жұмысты үйлестіре білу, өзара сенімді қарым-қатынас орнату және тұлғалық даму бағытында жаңа тәжірибе жинақтауға көмектесу. Тренинг топта өзара тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында «Өрмекші торы» жаттығуымен басталды. Студенттер өздерінің мақсаттарына жетуге кедергі келтіретін барьерлерді түсініп, оларды жеңу мақсатында арт-терапия, сонымен қатар бойларындағы сенімділік пен лидерлік қасиетті арттыру мақсатында «Жетістікке 10 қадам» жаттығуы жүргізілді. Тренинг барысында қатысушылар бір-бірімен өзара сенімділік қалыптастырып, бір-біріне бейімделу мақсатында «Интервью» және топта көңілді атомосфера орнату мақсатында «Автобус» жаттығулары ойнатылды.
Қатысушылар тренинг барысында өздерінің ішкі күш-қуатын түсініп, жетістіктерге жету жолында кездесетін кедергілерді жеңу үшін қажетті ресурстарды табудың әдістерімен танысқанын тренинг соңында, рефлекция барысында білдірді.
Тренингке университетіміздің Жаратылыстану және география факультеті мен Математика, физика және информатика факультетінен 60-қа жуық шетелдік білім алушылар қатысты.
Психологиялық қолдау қызметі |