қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.01.2025

Аударма мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік семинар


2025 жылдың 10 қаңтарында AP19680449 «Аударма сапасын бағалау: ғылыми және білім беру салалары» ғылыми жобасының күнтізбелік жоспарына сәйкес жоба қатысушылары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Баяндамашылар: филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессоры Жұмабекова А.К. (ғылыми жетекші), PhD Куркимбаева А. (аға ғылыми қызметкер).


Семинардың мақсаты - жобаға қатысушылардың кәсіби академиялық қоғамдастықты филология оқулықтарының аударма сапасына жүргізген ішкі бағалауының нәтижелерімен таныстыру. Семинар барысында қатысушыларға ғылыми және білім беру салаларындағы (ағылшын, орыс және қазақ тілдеріне негізделген) аударма сапасын бағалауды жақсарту бойынша ғылыми-әдістемелік кеңестер берілді.


Семинарға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі PhD М. Аймағамбетованың жетекшілігімен кафедра оқытушылары мен докторанттары қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=