![]()
16.04.2025 Ғылым апталығы – 2025: стартап-байқау 2025 жылдың 11 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика факультетінде информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының ұйымдастыруымен Ғылым апталығы - 2025 аясында ерекше форматтағы стартап-байқау ұйымдастырылды.
Байқау тақырыбы: «Стартап құрудың негізгі кезеңдері: Идея, команда, нарық».
Іс-шара барысында студенттер топпен жұмыс істеп, өздерінің тың стартап идеяларын ортаға салып, нақты нарыққа бағытталған жобаларды ұсынды. Байқау кезінде қатысушылардың командалық үйлесімі, креативті ойлау қабілеті және бизнес-жоспар құрудағы шеберлігі жоғары бағаланды.
Байқау нәтижесінде келесі үздік үш команда анықталды: «Ең үздік стартап идея» - INNOVA TEAM, «Креативті команда» - INNOLAB, «Болашағы бар жоба» - NEMSET.
Болашақ кәсіпкерлерге шабыт, сенім және зор табыс тілейміз!
|