
Негізгі бет
Жаңалықтар
23.05.2025
ҚазҰПУ мен Білім мазмұнын сараптау орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды 2025 жылғы 23 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты - білім беру саласындағы мамандарды даярлау және оқулықтарға сапалы сараптама жүргізуді дамыту.
Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры Ертай Сұлтан, Ғылым департаменті директорының орынбасары Гакку Рахимова, Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры Назира Абдрахманова, орталықтың ғалым хатшысы Толқын Айтказина, PR-менеджер Шолпан Абуталимова қатысты.
Тараптар білім беру мазмұнын жаңғыртуға және оқулық сапасын арттыруға бағытталған бірқатар ортақ бастамаларды іске асырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау және болашақ мамандардың тәжірибелік дағдыларын дамыту бағытында бірге жұмыс істеуге уағдаласты.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|