қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.07.2025

Педагогика және психология факультетінің студенттеріне диплом табысталды

 

2025 жылғы 3 шілдеде Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультетінің студенттеріне диплом табыстау салтанатты іс-шарасы өтті.


Іс-шараға Абай университетінің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақау, Педагогика және психология факультетінің деканы Ғалия Абаева, деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақтоты Ақжолова, деканның әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Елмұрат Құрманғали, университеттік ардагерлер кеңесінің төрағасы Берікжан Әлмұхамбетов, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы, бітіруші жас түлектер мен олардың ата-аналары, құрметті қонақтар қатысты.


Биылғы 2024-2025 оқу жылында Педагогика және психология факультетінен барлығы 516 жас маман оқуды сәтті аяқтап, болашаққа қанат қағып отыр. Оның ішінде 417 студент бакалавр білім беру бағдарламасын аяқтаса, 99 магистрант қолына диплом алды.


Салтанатты кеш барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Абай университетінің Басқарма төрағасы - ректоры Болат Тілептің түлектерге арналған бейнеқұттықтауы көрсетілді. Қос лауазымды тұлға өз құттықтауларында жас мамандарға жүрекжарды тілектерін білдіріп, сәттілік тіледі.


Жиында сонымен қатар оқу озаттары мен қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан бірқатар түлек ректордың Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, әрбір бітірушіге естелік ретінде ректор атынан Абай Құнанбаевтың «Қара сөздер» жинағы сыйға тартылды.


Айта кетейік, диплом табыстау рәсімі ертең, 4 шілде күні де өз жалғасын таппақ.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=