қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.07.2025

Абай университеті «Шоудаун Федерациясы» РМҚБ-мен ынтымақтастық орнатты

 

2025 жылдың 3 шілдесінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен «Шоудаун Федерациясы» РМҚБ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастық туралы келісімге Абай университетінің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақау мен «Шоудаун федерациясы» РМҚБ президенті Марат Кожахметов қол қойды.


Бұл келісімнің басты мақсаты - білім беру саласында, сондай-ақ паралимпиадалық спортты дамытуда бірлесіп жұмыс істеу. Тараптар инклюзия қағидатын ұстана отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар жастарға тең мүмкіндік беру, салауатты өмір салтын насихаттау және оларды бұқаралық спортқа тарту бағытында тығыз серіктестікті көздейді.


Сонымен қатар меморандум аясында ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, бірлескен жобалар, оқыту бағдарламалары мен волонтерлік бастамаларды жүзеге асыру жоспарлануда.


Бұл қадам - жастардың әлеуетін ашуға, қоғамдағы әрбір жастың дамуына мүмкіндік жасауға бағытталған маңызды бастама.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=