![]()
04.07.2025 Aбай университетінің ғалымдары Польшаның «Шығыс-Батыс» конференциясында 2025 жылдың 24-30 маусымы аралығында Aбай университетінің ғылыми тобы AP23489915 «Қазіргі әлемдік мәдениеттегі Қазақстан бейнесінің трансмедиалық және көркем репрезентациясы» жобасы аясында ғылыми іссапармен Польшадағы Слупск қаласындағы Помор университетінде болды. Жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті тарапынан 2024-2026 жылдарға қаржыландырылған.
Іссапар құрамына жоба жетекшісі, ф.ғ.д., профессор С.Д. Әбішева, сондай-ақ зерттеу тобының мүшелері: PhD Д.А. Сабирова, ф.ғ.к. М.М. Хавайдарова, докторант Г.А. Атембаева және PhD М.Б. Молдағали кірді.
Aбай университетінің ғалымдары XV Халықаралық ғылыми конференция «Шығыс-Батыс: тілдер мен мәдениеттер диалогы» және VII Халықаралық ғылыми семинар «Абай оқулары: Еуразиялық кеңістіктегі Қазақстан мәдениетінің тарихы мен келешегі» қатысты. Іс-шаралар барысында ғылыми тәжірибе алмасу өтті, сондай-ақ ұлттық бейнелерді мәдениеттегі зерттеу тақырыбына қатысты жаңа мәліметтер жиналды.
Жоба қатысушылары өздерінің ғылыми баяндамаларын ұсынды: С.Д. Әбішева «Бақыт Кенжеевтің шығармашылық санасындағы трансмедиалық кодтар», Д.А. Сабирова «Қазақстан бейнесінің қазіргі әлемдегі трансмедиалық және көркем репрезентациясы», М.М. Хавайдарова мен Г.А. Атембаева «Лев Щеглов поэзиясындағы "қазақстандық мәтіннің" репрезентациясы», М.Б. Молдағали «Б. Қанапиянов поэзиясындағы Алматы қаласының түстік коды».
Сапар аясында Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшілігінің өкілдерімен кездесу өтіп, ғылыми және мәдени ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.
|