қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.07.2025

Филология факультетінің түлектеріне диплом табысталды

 

2025 жылғы 4 шілдеде Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультетінің студенттеріне диплом табысталды.


Салтанатты іс-шараға Абай университетінің зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры Ертай Сұлтан, Филология факультетінің деканы Алуа Таңжарықова, деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлназ Нүптекеева, деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бекболат Байкараев, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы, құрметті қонақтар, оқу бітіруші жас түлектер мен олардың ата-аналары қатысты.


Биылғы 2024-2025 оқу жылында Филология факультетінен барлығы 1146 жас маман оқуды сәтті аяқтап, болашаққа қанат қағып отыр. Оның ішінде 1087 бакалавр және 59 магистрант бар. Ал 296 түлек оқу орнын үздік аяқтап, «қызыл диплом» иегері атанды.


Салтанатты кеш барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Абай университетінің Басқарма төрағасы - ректоры Болат Тілептің түлектерге арналған бейнеқұттықтауы көрсетілді. Қос лауазымды тұлға өз құттықтауларында жас мамандарға жүрекжарды тілектерін білдіріп, сәттілік тіледі.


Жиында сонымен қатар оқу озаттары мен қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан бірқатар түлек ректордың Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, әрбір бітірушіге естелік ретінде ректор атынан Абай Құнанбаевтың «Қара сөздер» жинағы сыйға тартылды.


Айта кетейік, диплом табыстау рәсімі ертең, 5 шілде күні де өз жалғасын таппақ.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=